Алматы облысындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің басым бөлігін орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Осы орайда өңірдегі жылу электр орталықтары жаңартылады. Қазір 5 бірдей блок-модульді қазандықтың құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстың экологиялық жағдайын жақсарту жұмыстары талқыланған жиында мәлім болды.