Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында құрылыс қызу. 66 шақырым болатын алып құрылыстың бүгінде 45 шақырымы жасалып жатыр. Материал, техника, жұмысшы саны жеткілікті. Тіпті БАКАДпен түйісетін 6 көше құрылысы да басталуға әзір. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігіндегі Амандық Баталовтың жоба мердігерлерімен кездесуінде айтылды. Аlsim Alarko компаниясы өкілі Аббас Шахиннің айтуынша 5-уі мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған. Яғни Абай, Саин, Рысқұлов, Тілендиев және Солтүстік жартылай айналма жолдарының жобасы дайын. Ал ақын Сара көшесінің жобасына Алматы қаласы Бас жоспарының өзгеруіне байланысты түзетулер енгізілуде. Әзірге Саин көшесі бойынша жер учаскелері реттеліп, құрылыс жұмыстарына 2,7 млрд. теңге бөлінген.