Ұлттық сапа орталығының Алматы облыстық филиалы жыл басынан бері 2300 зерттеу жүргізген. Оның 30 проценті стандартқа сай болмапты. «Жол активтері ұлттық сапа» орталығының өкілдері, тапсырыс беруші мекеме мен мердігерге кемшіліктері жайлы ескерту хабарлама жолдадық – дейді. Нәтижесінде олқылықтар түзетіліп, қайта зерттеу жүргізілген.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.