Өткен ғасыр басындағы аштық пен қуғын-сүргін қазақ халқына нәубет болды. Ұлтымыздың алғашқы кәсіби спортшылары да репрессия құрбанына айналды. Мәселен грек-рим және қазақ күресінің шебері Қажымұқан Мұңайтпасов пен даңқты балуандар Имажүсіп Құтпанұлы және Балуан Шолақ та бұл кесапаттың ілмегіне ілінді.