Мұғалімдерді короновирусқа қарсы вакцинаны алуға ешкім мәжбүрлемейді. Екпе алу-алмау маманның өз еркі. Бүгін баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов осылай деді. Естеріңізде болса, министрдің өзі былтыр тамыз айының басында алғаш болып отандық QazVac вакцинасын салдырған еді.