Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы іс сапармен Кеген ауданына барды. Шалғай өңір тұрғындарын көкейін тескен көп мәселені ортақ талқыға салды. Қара жолдың жыры бітпеген қайқы асуына аялдап, жауаптыларға тиісті тапсырма жүктеді. Бір қатар әлеуметтік нысандарды аралап көріп, инвестициялық жобалармен де танысты.