Апта басында мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Алакөл ауданында ауылдық мәдениет үйі құрылысына бөлінген қаржы тым қомақты деп мәлімдеген. Салыстыруынша, Ақтүбектегі мәдени нысан өзге өңірлердегі осы тектес ғимараттар құнынан 10 есе қымбатқа салынып жатыр. Елордада айтылған сөз Жетісу жеріне де жетті. Құрылысқа жауаптылар мәселе мәнісі мүлде олай емес екенін анықтады.