Алматы облысында биыл «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 39 жоба жүзеге асуы тиіс. Мұның барлығы өңір үшін күрделі жол мәселесін шешуге бағытталған. Дегенмен бірнеше жыл бұрын құрылысы басталып, аяқталуы кешеуілдеп тұрған жол проблемалары тағы бар. Мұның барлығы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысында талқыланды.