Жыл басынан облыста мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі жоспардан тыс 2 тексеру жүргізді. Нәтижесінде заң бұзушылық анықталған мекемелер мен жауапты тұлғаларға 87 әкімшілік айыппұл салып, 9 млннан аса қаражат өндіріп алды. Бұл туралы облыстық экология департаменті басшысының орынбасары БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты. Сөзінше, облыс аумағынан 150 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталған. Сондай-ақ, жер қойнауына қатысты мемлекеттік меншік құқығын бұзу бойынша 28 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, жиында салаға қатысты белгіленген жол картасының бағыттары талқыланды. Бүгінде өңірді табиғи газға қосу мен жылу қазандықтарының жұмысы жүйелі орындалуда.