«Ескіден қалған есті өнер!» Осындай тақырыппен Қонаев қаласында жас өспірімдер арасындағы дәстүрлі республикалық айтыстың шымылдығы түрілді. Әйгілі ақын Көдек Байшығанұлының 135 жылдығына орайласқан сөз додасында ел аумағынан іріктелген 16 ақын шабыт ширатып, шабыс байқасты.