Орны бөлек Оралхан. Астанада белгілі қаламгер, драматург, журналист Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына арналған конференция өтті. Ұлттық академиялық кітапханада өткен шараға қаламгердің көзін көрген зиялы қауым өкілдері қатысып, естеліктерімен бөлісті. Мерейтой құрметіне ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау жолдады. Оны президент кеңесшісі, белгілі қаламгер, Бауыржан Омаров оқып берді.