Орманшы – табиғатқа қорғаншы. Өмірзақ Ізбасаров – Іле-Алатау ұлттық паркі аумағына кіретін Қаскелең шатқалында 40 жылға жуық еңбек еткен. Өмірі – өскелең ұрпаққа өнеге. 7 жылдан бері зейнетке шыққан қарт орманшы әлі күнге жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, еңбек тәжірибесімен бөлісіп келеді.