Қайырымдылық қайырлы іс. Қонаевта облыстық мектеп парламенті мүшелерінің бастауымен қайырымдылық кеш өтті. Жиналған қаражат су тасқыны болған аймақтан келген балалардың керек-жарағына жұмсалады. Оқушылар көрермен назарына «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясын ұсынды. Осы жолғы қойылымның ерекшелігі спектакль бастан аяқ мюзикл стилінде өтті.