Алматы облысы Райымбек ауданында жаңа жыл қарсаңында қос пункт қолданысқа берілді. Шәлкөде ауылдық округінің Талас ауылында фельдшерлік-акушерлік пункті мен ветеринариялық пункті салтанатты түрде ашылды. Мал мен жанның саулығы үшін қызмет көрсететін нысандар мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған.