Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік механизмді жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Сол себепті Қазақстанда 18 жасқа толған әрбір азамат сайлаушы болып, референдумға қатысуға құқылы. Бүгінде елімізде 12 миллионнан астам кәмелетке толған азамат бар. Мамандардың ақпарынша, тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген жастар үшін мұндай тәжірибе бірінші рет болып отыр.