Өскелең ұрпаққа сапалы білім беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы марапатталды. Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы бірқатар нәзік жанды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады. Мэлс Төлепбергенов 20-дан аса кәсіподақ мүшесіне, салалық кәсіподақтың төс белгісі, құрмет грамотасы мен алғыс хатын табыстады. Салтанатты қабылдау барысында «Ақылшы ене, ибалы келін» атты облыстық байқаудың қорытындысы жарияланды. Жеңімпаздар марапатталды.