Өрт сөндірушілер кроссфиті. Алматы облысы Талғар ауданында тұңғыш рет құтқарушылар арасында ерекше спорттық сайыс ұйымдастырылды. Өңірден жиналған төтенше жағдай қызметкерлері жарысқа белсене қатысып, сайысты тартысты өткізді. Мұндағы басты мақсат – мамандардың физикалық тұрақтылығын тексеріп, салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді.