Архив – тарих айнасы. Желтоқсанның соңғы он күндігі архившілер күні. Мерекеге орай Талдықорғанда сала қызметкерлері бас қосты. Жиынға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен филиал басшылары қатысты. Жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, үздік мамандар марапатталды.