Короновирус жұқтырған келіншек дені сау сәби босанды. Сарқан ауданының тумасы шұғыл Талдықорғанға жеткізілген. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Мамандардың айтуынша, жүкті келіншек КВИмен 8 айында науқастанған. Оның өкпесі 85 пайызға зақымданыпты. Дәрігерлер келіншекті 37 аптасында босандырып алған. Балпанақтай қыз туды. Ақ халаттылар шақалақтың денсаулығы жақсы екеніне көз жеткізді. Оның ағзасынан ешқандай вирус анықталмаған. Тек анасына тиісті медициналық көмек көрсетілді. Нәтижесінде қауіпті індеттен құлан-таза сауықты. Қазір ананың да баланың денсаулығы жақсы. Ауруханадан шықты. Айта кетейік, биыл облыста тәж тажалын жұқтырған 4 жүкті келіншек аурухана түскен. Оның 3-уі аман-есен үйлеріне оралды. Қазір біреуі ғана ем-дом қабылдап жатыр.