Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырған еді. Президент пәрменіне сай Талдықорғанда шаһар шырайын кіргізу мақсатындағы сенбілік жұмыстар жалғасып жатыр. Білім беру ұйымдары мен денсаулық саласындағы мекемелер өзіне қарасты аумақтарға тазалау жұмыстарын жүргізуде.