Таңбасы бар тастар талқандалмайды. Қоғам талқысына түскен Қызылтас саяжайындағы жарылыс уақытша тоқтатылды. Естеріңізге салсақ, осыдан біршама уақыт бұрын экобелсенділер қиыршық тас өндіретін «Темірбетон» кәсіпорнының өндіріс аумағындағы петроглифтер бүлініп жатыр деп дабыл қаққан еді. Бұл мәселеге нүкте қою үшін жауаптылар БАҚ өкілдері мен блогерлерге арнайы брифинг өткізді.