Табиғатты таза ұстау – барша адамзаттың парызы. Таза Қазақстан акциясы аясында Кеген ауданында кең көлемде сенбілік өтті. Айта кетсек бұл апталық «Киелі мекен» деп аталып, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумақтары ретке келтірілді. Мұнда экологиялық акцияның бастамашылары қатысушыларға бағалы сыйлықтар да ұсынды.