Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясының екінші апталығын да ойдағыдай өткізді. Демалыс күндері сенбілікке екі мыңнан аса адам қатысқан. Олар аймақ аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер айналасын тазартып, абаттандыруға бір кісідей ат салысты.