Текелідегі тартымды шара. Бүгін кеншілер қаласындағы №8-ші орта мектепте ҚР Мәдениет қайраткері, Жазушылар одағының мүшесі, Ескелді ауданының Құрметті азаматы Сәбит Жұмабайұлы Биболовтың оқушылармен кездесу кеші өтті. Маңдай терін туған жердің төсінде төгіп, өскен елін түлетуді, Жетісуға қызмет етуді бәрінен биік қойған азаматпен жүздесу «Туған жерге туын тіккен қаламгер» деп аталды.