“Вестник Жетісу”. Жетісу облысында қоғамдық-саяси газетінің алғашқы шығарылымы жарық көрді. Мерзімді басылым Алматы облыстық “Огни Алатау” газетінің Қонаев қаласына ауысуына байланысты Өлке Тынысы серіктестігінің жанынан құрылды. Аталмыш газетте өңірдегі өзекті мәселелер мен жаңалықтар қамтылады.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.