Ақпанда ақыратын аяз биыл ерте түсті. Бұл ретте көлік тізгініндегілерді біраз тентіреткені рас. Қалта қақса да, қысқы дөңгелектерді ауыстыру уақытылы болмаса қар мен тайғақта екі есе шығынға әкеледі. Ал қазір қандай шиналар өтімді? Тұрғындардың көптеп қолданатыны қайсы? Қай жерде қаншаға ауыстыруға болады?