Кітап – білім бұлағы. Елімізде екінші рет «Кітап тайм» жалпы республикалық кітап фестивалі өтті. Шараға мұрындық болған еліміздің Ұлттық академиялық кітапханасы. Бас аяғы 12 сағатқа созылған фестивальға тек Астана қаласы бойынша ондаған мың оқырман қатысқан.