Ынтымақтастық көкжиегін кеңітпек. Бүгін Жетісу облысына Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Цзян Вэй келді. Аймақ әкімі Бейбіт Исабаевпен Қазақстан – Қытай мемлекетаралық ресми қарым-қатынастары аясында өзара ықпалдастықты нығайту туралы сұқбаттасты. Қос тарап бірқатар нақты ұсыныстарды талқылады.