Жетісулық балықшылар ішкі нарықты да, ішінара сыртқы нарықты да сапалы балық етімен қамтамасыз етіп отыр. Тек, Алакөл ауданында мұндай 3 балық зауыты бар. Ортақ проблемалары – дизель отыны тапшылығы. Бұл – көлге жүйелі шығуларына, балықты уақыт оздырмай тез тасымалдауларына кедергі. Салдарынан кей зауытта шикізат тапшы.