Республика мақтанышы. Жетісулық велошабандоз Евгений Федоров таяуда Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Қытайдағы құрлықтық додада жерлесіміз 208 шақырымдық топтық бәсекеде мәре сызығын бірінші болып кесті. Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ел абыройын асқақтатқан атлетті арнайы қабылдап, ел атынан сый-құрмет көрсетті.