«Кеген-Көкпек-Түп» жолының жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілуде. Олқылықты байқаған әкімдік құрылысты тоқтатқан. Жыл сайын жөнделетін, алайда жақсармайтын жолдан жалыққан халық ашулы. Сонымен қоса бұл жол адам өмірін жалмап жатыр. Мәселен жыл басынан бері 2 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған. Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев сапасыз жолдың есебін жұрт бізден сұрайды. Сондықтан орынбасарым жол сапасын тексерген еді. Мердігер тарапынан немқұрайлылықты байқадық – деп отыр.