Бүгін Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінде ашық есік күні өтті. Басты мақсат жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу. Бұл жоғары оқу орындарының түлектері мен осы салада жұмысқа орналасуға мүдделі азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік. Заң және экономика бағытында білім алған студенттер 6 айлық құқық қорғау органдарының мамандарын даярлау академиясын тәмамдап, лейтенант шеніне ие бола алады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.