Тілшілігі – тіршілігі. 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Осыған орай жетісулық тілшілерді кәсіби мерекемен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады. Мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір іспеттес журналистер төс белгілер мен облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.