Кеңесіп пішкен тон — келте болмайды. Бүгін Жетісу облыстық қоғамдық кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Өңірдің экономикалық дамуын назарға алып, ауылшаруашылығын ілгерілетуді көздеп отыр. Кеңес мүшелері бір ауыздан мақұлдап, білек сыбана іске кірісуге дайын екендерін айтты. Сондай-ақ биылғы жылдың алғашқы отырысында су ресурстарын дұрыс пайдаланып, Қаратал өзенін қалыпқа келтіру мәселесі қаралды. Түйіні тарқамаған тақырыпты, белсенділер жан-жақты талқылып, шешу жолын ұсынды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.