Жетісу облысында жазғы туристік маусым рекордтық көрсеткіштермен қорытындыланып отыр. Инфрақұрылымға салынған инвестициялар мен жаңа жолдардың ашылуы өз нәтижесін берді. Өңір бүгінде миллиондаған турист үшін тартымды мекенге айналып келеді. Ауқымды жұмыстың қорытындысы Дүниежүзілік туризм күніне орай Талдықорғанда өткен форумда талқыланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.





