Бүгін Талдықорғандағы Б.Римова атындағы драма театрында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара өтті. Оған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, аймақтағы әйелдер қауымын құттықтады. Салтанатты жиында өңірдің әр аудан-қалаларынан келген түрлі салаларда жемісті еңбек етіп жүрген қарапайым еңбек адамдары марапатталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.