Жетісулық шаруалар тамшылатып суғару әдісімен қызылша өсіруді қолға алды. Арнайы құрылғылар арқылы жасалатын бұл жүйенің тиімділігі көп. Біріншіден тыңайтқыш көлемі 5-6 есе азаяды. Есесіне мол өнім алуға болады. Ең бастысы, су үнемделеді. Осыны жақсы білген Алакөл ауданындағы “Bolat Group” шаруа қожалығы тәтті түбірді өсіруде бірінші рет тамшылатып суару технологиясын қолдануда.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.