От пен су тілсіз жау деген. Аяқ асты болатын табиғи және техногенді апаттардан ешкім қорғалмаған. Десе де қарапайым сақтық ережелері мен алдын алу шаралары естен шығармаған абзал. Айта кетейік, Абай облысындағы орман өртіне Алматы облысынан 9 маусым күні арнайы өрт сөндіру жасағы аттанды. Олар қызыл жалынды ауыздықтауға көмек көрсетіп жатыр.