Алакөл ауданының шаруалары қант қызылшасының тұқымын себуді бастады. Биыл аудан диқандары 500 гектарды қамтымақ. Науқанды ойдағыдай өткізу үшін мемлекет тарапынан шаруаларға тұқым мен техниканы сатып алуға жағдай жасаған. Сондықтан өңір қожалықтары күзде 17 мың 500 тонна өнім жинаймыз деп жоспарлап отыр.