Алматы облысының кәсіпкерлері су басқан өңірлерге қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр. Бүгін Іле ауданындағы компания өкілдері Петропавл қаласына 45 тоннадан аса қажетті зат жіберді. Ал алдағы уақытта апаттан зардап шеккен өзге өңір тұрғындарына көмек қолын созуды жоспарлап отыр.