Бүгін Жетісу облыстық волейбол федерациясының президенті сайланды. Аудан және қалалық қауымдастықтардың жетекшілері бір ауыздан Талғат Өмірбековтың кандидатурасын қолдады. Федерацияның жаңа басшысы аймақтағы волейболдың дамуына жаңа леп қажеттігін айтып, оны іске асыруда аянбайтынын жеткізді.