Игерусіз жерлер пайдаға асады. Биылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолданылмай жатқан жер телімдерін мемлекетке қайтаруды тапсырған. Жарлыққа сай облыстық жер қатынастары басқармасы тиісті шараларды қолға алды. Бүгінге дейін 113 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне өтті. Бұл туралы мамандар БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.