Талдықорғанда медициналық мүмкіндіктер артты. Қалалық көпсалалы ауруханада арнайы диагностикалық орталық ашылды. Бұл созылмалы ЛОР патологиясы бар науқастар үшін жағымды жаңалық. Енді өңір орталығында мұрын, құлақ, көмей мен жұтқыншаққа ота жасалады. Тұрғындар Алматы мен Нұр-Сұлтанға барып, ем іздеп сабылмайды.