5 колледж «Жас маман» жобасына енді. Алматы облысында өткен 2020 жылы аталмыш жобамен 5 колледж қамтылған. Биыл тағы бесеуі енгізілді. Бұл жөнінде «Жетісу медиа» алаңында Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлсара Исағұлова айтты. «Жас маман» жобасының басты мақсаты колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңарту, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау. Оқу процесіне жаңа технологияларды енгізіп, сапалы кәсіптік мамандарды даярлау. Биыл жобаға республикалық бюджеттен 1,3 млрд теңге қарастырылса, облыстан 133,6 млн теңге бөлініп отыр. Айта кету керек, былтыр 5 колледжге республикадан 1,6 млдр, ал облыстық бюджет есебінен 80,2 млн теңге бөлінген. Жалпы республика бойынша жобаға 180 колледж іріктеліп алынған.