Бүгін қазақ журналистикасы үшін қаралы күн. 45 жыл қазақ телевизиясында қызмет атқарған, журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Ол саналы ғұмырында көрерменге көптеген авторлық бағдарламалар ұсынып, артынан шәкірттер тәрбиеледі. Ұзақ жылғы шығармашылық жолында халқымыздың рухани мәдени байлығын дамытуға үлес қосты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, жеделхат жолдады.