«Жырлайды жүрек» атты челленджге белсенді қатысқан ұстаздар марапатталды

0
248

Талдықорғанда «Жырлайды жүрек» атты челлендж қорытындыланды. Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай өткен эстафетаны облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды. Әдеби шараны жетісулық 200-ге тарта кәсіподақ мүшесі қолдады. Яғни, аймақ ұстаздары ақпан айының 1-і мен 9-ы аралығында мұзбалақ ақынның шығармаларын орындады. Олар аталған әдеби челленджді әлеуметтік желіде онлайн өткізді. Нәтижесінде төрт жас маман марапатталды. Жеңімпаздарға ұйым тарапынан алғыс хатпен М.Мақатаевтың шығармалары жинақталған кітабы табысталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here