Талдықорғанда жол ережелерін елемейтіндермен күрес басталды

0
220

Заң бәріне ортақ. Талдықорғанда жол ережелерін елемейтіндермен күрес басталды. Әсіресе шаһардың орталық көшелерінде көліктерін бейберекет қойып, тіпті белгіленбеген жерлерге қалдырып кететіндер заң жүзінде жазаланбақ. Бүгіннен бастап жол патрульдік полициясының 7 экипажы осы бағытта жұмыс істемек. Рейд басталған күннен-ақ заңды белшесінен басқандар айыппұл арқалады. Бірер сағаттың ішінде 10 нан аса көлік иесіне хаттама толтырылды. Тағы осынша жүргізушіге ескерту берілді. Сондай-ақ, профилактикалық шара барысында заң түгілі, құқық қорғау органдары қызметкерлерін елемей кеткен азамат та болды. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі арқылы мекен-жайы анықталып 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кетейік, жыл басынан дәл осы заң бұзушылықтар бойынша 1670 әкімшілік хаттама толтырылған. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 976 болған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here