Сақталушы еді сыбаға, сапарға кеткен ұлдарға». Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев бұл өлеңді Наурызды сағынғанда жазған болуы керек. Кеңестік тоталитарлық жүйенің жетпіс жылдық құрсауында болған қазақ елі, нағыз жаңа жылды, Наурыз мейрамын қалай тойлау керектігін ұмытып қалған шақ еді. Осы кезде қазақтың бір туар азаматы Өзбекәлі Жәнібеков тайсалмай, Наурыз тойын елімен қайта қауыштырды.