Өңірімізде 103 қызметіне түсетін қоңыраулар саны екі есеге өсті. Мәселен, Талдықорған «қызыл» аймаққа кіргеннен бастап жедел жәрдем шақырушылар саны артты. Осы ретте, облыс тұрғындарының 85 процентін қамтитын жедел жәрдем қызметіне жүгінетін барлық пациенттерге 4 санат бойынша медициналық көмек көрсетіледі.