Панфилов ауданында көктемгі егіс жұмыстары жүргізілуде. Диқандар барлық техникасын сайлап, іске кіріскен. Жалпы, аймақта 46 мың гектардан астам алқап бар. Оның 30 мыңнан аса жерінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Шаруалар әсіресе суару мәселесіне ерекше көңіл бөліп жатыр.